Киберспорттан Қазақстан чемпионатының финалына өткен командалар анықталды

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Айбар Рысдәулет>
Киберспорттан Қазақстан чемпионатының финалына өткен командалар анықталды

Бурабайда өтетін киберспорттан Қазақстан чемпионатының финалдық кезеңіне шыққан командалар белгілі болды.

БӨЛІСУ

Ел біріншілігі 6 сәуір күні Олимпиадаға даярлық орталығында Burabay Cyber Cup LAN-финалы өтеді. Жарыста киберспортшылар Counter-Strike:Global Offensive және Dota 2 ойындары бойынша бақ сынайды.

Іріктеу кезеңіне қатысқан командалардың ішінен CS:GO бойынща LOG және PORCHA e-Sports ұжымдары үздік шықты. Ал Dota 2 тәртібі бойынша Se7en Esports және Cyber Dogs финалда чемпиондыққа таласады. 

Жарыстың жүлде қоры - 2 миллион теңгені құрамақ. Әр тәртіп бойынша жеңімпаз атанған командаға 700 мың теңге, ал екінші орын алған ұжымға 300 мың теңге табысталады.

Киберспорт елімізде енді ғана дамып келеді. Өткен жылдың 25 маусымынан бастап киберспорт Қазақстандағы ресми спорт түрі деп танылды. Қазірдің өзінде еліміздегі геймерлердің саны 400-ден асып жығылады.

Қазіргі таңда елімізде әлемге танымал AVANGAR командасы бар. 2016 жылы Қазақстанда құрылған бұл ұйымда танымал Counter-Strike:Global Offensive және PlayerUnknown's Battleground ойындарынан сынға түсетін командалар бар. Бұл ұйымның жігіттері екі ойыннан да жақсы нәтижелерге жетті. Қазір командада төрт қазақстандық ойыншы өнер көрсетеді. Атап айтқанда: Тимур Төлепов, Айдын Тұрлыбеков, Алексей Голубев және Бектияр Бақытов. Ал команданың капитаны - ресейлік ойыншы Али Джами.