ҚФФ президенті қызметінен кетеді - БАҚ

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
ҚФФ президенті қызметінен кетеді - БАҚ
Фото ©️ kff.kz

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов қызметінен кетеді. Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

Бүгін федерацияда кезектен тыс жиын өтіп, Әділет Бәрменқұлов қызметінен кететінін айтқан.

Әділет Барменқұлов - ҚФФ-ға 2022 жылы президент болып сайланған еді. Ол Әділбек Жақсыбековті алмастырған болатын. Оның тұсында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу кезеңінде тәуір өнер көрсетіп, жолдама алуға жақын қалды. Алайда шешуші сәтте Магомед Адиев жаттықтырған құрама Словенияға есе жіберді. Кейін қосымша ойында Грекияға жол берді.