ҚФФ Черчесовтің қазақ тіліне қатысты айтқанына түсіндірме берді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
ҚФФ Черчесовтің қазақ тіліне қатысты айтқанына түсіндірме берді
Фото ©️ kff.kz

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Станислав Черчесовтің баспасөз жиыны кезіндегі әрекетіне қатысты ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды msports.kz сайты. 

БӨЛІСУ

Әлеуметтік желілерде жарияланған футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тіліне құрмет көрсетпеуіне қатысты видеоға байланысты Қазақстан футбол федерациясы жағдайды түсіндіре өту қажет деп санайды.

Жазбада видеоның үзіндісі көрсетілген. Негізі бұл сұрақты Францияның ПСЖ клубының формасын киіп жүрген қазақстандық журналист Бегасыл Сейітқанов баспасөз мәслихатында қойғаннан кейін бас бапкер әзілдеп, жауап қайтарған болатын, - деп жазды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Football Federation (@kff_resmi)

Сондай-ақ федерация ресейлік маман қазақ елінің мәдениеті мен тіліне құрметпен қарайтынын хабарлаған.

Станислав Черчесов қазақ тілі мен еліміздің мәдениетіне үлкен құрметпен қарайды, сонымен қатар қазақ тілін белсенді түрде оқып жатқанын мәлімдейміз, - деп жазды федерация хабарламада. 

Айта кетейік, баспасөз жиыны кезінде қазақ тілінде сұрақ қойған тілшіге Станислав Черчесов: "Француз тілінде сөйлеп тұрсың ба? Бұл сұрақ па, жоқ, басқа ма?" – деген еді. Бұл сөзі жанкүйерлер мен желі қолданушыларын шамдандырған болатын.

Сенат депутаты Геннадий Шиповских ҚХА мүшесі ретінде Станислав Черчесовтің қазақ тілін француз тілімен шатастырған әрекетіне қатысты Спорт министрі мен Қазақстан футбол федерациясына үндеу де жолдады.