Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының өкілі Дэйзи Джепкемей Францияның Бельфор қаласында өтіп жатқан жартылай марафонның жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды ҚР ҰОК ресми сайты.
БӨЛІСУ
Дэйзи Джепкемей белгіленген межені 1 сағат 7 минут 54 секундта жүгіріп өтіп, бірінші болып келді. Екінші орынды Угандадан келген Аннет Челангат алды. Оның нәтижесі – 01:09:58. Эфиопиялық Меселу Кахсай қола жүлдеге ие болды (01:10:18).
Дэйзи Джепкемей жазда өткен Париждегі Олимпиада ойындарына қатысты. 3000 метрге кедергілермен жүгіруден финалдық кезеңге шыға алмады, ал 10 000 метрге жүгіруде 17-ші болып келген еді.