Алматының "Достық" спорт кешенінде гандболдан Егемен Қазақстан Кубогы турнирі өтті. Бес күнге созылған жарыста төрт команда бақ сынады.
Финалға Қызылорданың "Қайсары" мен Шымкенттің "Қазығұрты" шыққан. Алғашқы минуттан қарсыласына қарағанда мықты көрінген "Қазығұрт" соңғы сәтке дейін есептегі басымдықты бермей, Кубокты жеңіп алды.
Үшінші орын үшін болған кездесуде Алматы облысының ұжымы Нұр-Сұлтаннан келген "Астана" командасына есе жіберді.
Марапаттау рәсіміне Қазақстан ғандбол федерациясының президенті Тұрлыханова Гүлнәр Ысмағұлқызы, әйелдер құрамасының бас бапкері Пикалова Марина Геннадьевна, ұлттық құраманың аға жаттықтырушы Бекназаров Берік Лезбекович, гандбол ардагерлері Кошутский Юрий Павлович пен Ким Вячеслав Чан- Себович қатысты.
Кубокқа қатысқан, жүлдеге іліккен барлық командалар бағалы сыйлықтармен, сертификаттармен, медальмен марапатталды.