Қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы сүйіктісіне ұсыныс жасады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы сүйіктісіне ұсыныс жасады
Фото ©️ 1bol.kz

Егемен ел тарихында еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы атанған қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан сүйіктісіне ұсыныс жасады. Аталған сәттің фотосы мен видеосы әлеуметтік желіде тарады, – деп хабарлайды msports.kz сайты. 

БӨЛІСУ

Балуан сүйіктісіне жасаған ұсынысы жайлы әлеуметтік желісінде әлі хабарлаған жоқ. 

@user4981937421482

Балам кутты болсын ♬ оригинальный звук - Гульяр Жолдасбаева

Ризабек Айтмұхан – 2023 жылы 92 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды. Осылайша, бұл атаққа қол жеткізген тұңғыш қазақ спортшысы мәртебесіне ие болды. Ал жуырда ғана Испанияның Понтеведра қаласында өткен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында да топ жарды. 

Балуан биыл тағы бір әлем чемпионатына қатысады. Бұл жолы Ризабек 21-27 қазан күндері Албанияның Тирана қаласында өтетін 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы бәсекеде бақ сынайды.