Қазақстанның фристайл-могул командасы Аустрияның Хинтертукс тау шаңғысы курортында өткен FIS Open халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті, - деп хабарлайды ҚР ҰОК.
БӨЛІСУ
Қазақстандық спортшылар маусымның алғашқы кезеңінде алты медаль жеңіп алды, оның төртеуі - алтын.
Павел Колмаков пен Анастасия Городко могул мен параллельді могулда алтын жүлдеге ие болды.
Аяулым Әміренова могулда екінші болып келсе, Антон Бондарев могул бойынша үшінші болып мәреге жетті.