Қазақстанның ең мықты пауэрлифтерлері Алматыда жиналады

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Айбар Рысдәулет>
Қазақстанның ең мықты пауэрлифтерлері Алматыда жиналады

23-24 қараша демалыс күндері Алматыда пауэрлифтинг пен жатып серпілуден WRPF нұсқасы бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. 

БӨЛІСУ

250 спортшы арқаға штанга салып отырып-тұру, штанганы көлденең орындықта жатып көтеру мен штанга тарту тәрізді үш жаттығу бойынша бақ сынайды. Үш жарыс жаттығуының қорытындысы бойынша әр салмақ дәрежесінде ең мықтылары анықталады. Жарыс Алматы қаласындағы "Атакент" көрме орталығында 23-24 қараша күндері өтеді. 

Жарыстар допинг-бақылаусыз өтеді. Оған 14 жастан бастап әуесқой спортшылар қатыса алады. 

- Біздің биылғы чемпионатымыз Мәскеуде 4-8 желтоқсанда болатын Әлем чемпионаты қарсаңында өтеді. Атлеттеріміз үнемі шетелдік жарыстарға қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізеді. Былтыр қазақстандық спортшылар Әлем чемпионатында жалпы командалық есепте екінші орын алды. Сол себепті республикалық турнирді әлемдік біріншілікке жақын қалғанда өткізу туралы шешім қабылдадық. Бұл атлеттеріміздің жаттығуы үшін маңызды, - дейді WRPF Kazakhstan федерациясының президенті Уәлихан Тен.