Мельбурнда өткен «Australian Open» турнирінде сәтті өнер көрсеткен Юлия Путинцева Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды. Бүгін жаңарған WTA рейтингінде ол Зарина Диясты басып озды.
Юлия Путинцева Австралия ашық чемпионаты алдында 76-орында болатын. Бүгін жаңарған рейтингте 64-орынға көтерілген. Ал Зарина Дияс болса 57-орыннан 69-ға төмен сырғыған.
«Australian Open» жарысында жеңіске жеткен Ангелика Кербер тізімде екінші орынға шықты. Рейтингті бұрынғыша америкалық теннисші Серена Уильямс бастап тұр.
1 (1). Серена Уильямс (США) – 9245 очков,
2 (6). Ангелика Кербер (Германия) – 5700,
3 (2). Симон Халеп (Румыния) – 5545,
4 (4). Агнешка Радваньска (Польша) – 5210,
5 (3). Гарбинье Мугуруса (Испания) – 4991,
6 (5). Мария Шарапова (Россия) – 3672,
7 (8). Флавия Пеннетта (Италия) – 3611,
8 (11). Карла Суарес Наварро (Испания) – 3595,
9 (7). Петра Квитова (Чехия) – 3582,
10 (9). Луция Шафаржова (Чехия) – 3580
Ал АТР рейтингінде Александр Кукушкин екі орынға жоғарылап, 92-орынға жайғасты. Екінші жүздікте Александр Недовесов 166-орынға табан тіреді. Ал үшінші жүздіктегі Андрей Голубев 204-ші сатыдан 221-ге сырғыды. Дмитрий Попко болса, 254-орынға түсіп қалды.