Қазақстаннан шыққан Олимпиада чемпионы әке атанды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстаннан шыққан Олимпиада чемпионы әке атанды
Фото ©️ Depositphotos.com/gianliguori

Суда жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин әке болды. Отбасындағы қуанышты хабарды спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Сәби 28 шілде күні дүниеге келген. 

БӨЛІСУ

Дмитрий Баландин 2022 жылы шаңырақ көтерді және сол жылы спорттағы мансабын аяқтады. Жұбайы Кристина Тыныбаева да синхронды жүзуден спорт шебері. 

29 жастағы Баландин 2016 жылы Риодағы Олимпиада ойындарында 200 метрге брасс әдісімен жүзуде алтын алды. 2014 жылғы Азия ойындарының үш дүркін жеңімпазы, 2015 жылғы Универсиада чемпионы. 50, 100 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуде Қазақстан рекордының иегері. Су спортынан Олимпиада алтынын жеңіп алған алғашқы спортшы.