7 қыркүйек күні Бразилияда XV жазғы Паралимпиада ойындары басталады. Жарыста еліміздің намысын 11 паралимпиадашы қорғайтын болады.
Рио Паралимпиадасында спорттың 22 түрінен 528 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстандық паралимпиадашылар алғаш рет 11 жолдама жеңіп алып, спорттың бес түрі бойынша жарыс жолына шығады. Естеріңізде болса, Лондондағы Паралимпиада ойындарына Қазақстан атынан 7 спортшы 3 спорт түрінен қатысқан болатын. Оның ішінде үшеуі үздік ондыққа кірген-ді.
Биыл Қазақстан құрамасы 10 жолдама иеленген болатын. Бүгін белгілі болғандай, Ресей құрамасының Паралимпиададан шеттеттілуіне байланысты дзюдошы Құралбай Орынбасар Бразилиядағы додаға жолдама алды.
XV жазғы Паралимпиада ойындарына қатысатын Қазақстанның Паралимпиада құрамасының құрамы:
Жүзу:
Әнуар Ахметов (Астана);
Роман Агалаков (ОҚО);
Зүльфия Ғабидуллина (Жамбыл облысы);
Наталья Звягинцева (Қарағанды облысы);
Пауэрлифтинг:
Вадим Дукарт (Ақмола облысы);
Гүлбану Әбдіхалықова (Алматы);
Раушан Қойшыбаева (Алматы облысы);
Дзюдо:
Әнуар Сариев (Атырау облысы);
Орынбасар Құралбай (ОҚО);
Жеңіл атлетика:
Аманат Қалқаев (Алматы);
Садақ ату:
Александр Медведев (Павлодар облысы).
Қазақстанның Паралимпиада құрамасының жаттықтырушылар құрамы:
1. Саттар Бейсембаев - жүзу (Жамбыл обл.)
2. Артур Томицский - пауэрлифтинг (Алматы қ.)
3. Юрий Мощеев - жеңіл атлетика (Қызылорда обл.)
4. Жандос Қиянов - дзюдо (Атырау обл.)
5. Татьяна Пак - садақ ату (Павлодар обл.).
Айта кетейік, Паралимпиада ойындары (параолимпиада ойындары) — мүгедектер (есту бойынша мүгедектерден басқа) үшін арналған халықаралық спорттық жарыс. Дәстүр бойынша басты Олимпиада ойындарынан кейін өткізіледі. 1992 жылдан бастап Олимпиада ойындары өткізілген қалада паралимпиада ойындары да өткізіледі, ал 2001 жылы бұл тәжірибе ХОК және Халықаралық паралимпиада комитеті (ХПК) арасындағы келісім шартпен бекітілген. Жазғы Паралимпиада ойындары 1960 жылдан, ал қысқы Паралимпиада ойындары — 1976 жылдан бастап өткізіледі.