Футзалдан Португалия ұлттық құрамасының 8 жылға жалғасқан жеңіліссіз ойындар сериясы аяқталды. Оларды Өзбекстандағы әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан құрамасы тоқтатты, – деп хабарлайды msports.kz сайты.
Португалия құрамасы бұған дейін 2016 жылы өткен Әлем чемпионатының жартылай финалында ғана Аргентинадан 2:5 есебімен жеңілген. Одан бергі аралықта әлем және Еуропа чемпионы атанды. 38 ойын қатарынан жеңілістің кермек дәмін татпаған.
"Уау, футзалдан әлем чемпионатындағы тамаша күн! Қазақстан әлем чемпионы атағына ие Португалияны ұтып, 2021 жылғы жартылай финалдағы есесін қайтарды. Соңғы секундта драмалық жеңіліске ұшыраған Португалия құрамасының 2016 жылдан бері 38 матчқа созылған жеңіліссіз ойындар сериясы тоқтады", - деп жазды The Guardian журналисі Джейми Фэхи.
Wow. What a day in the #FutsalWC
Kazakhstan gain revenge for the semi-final defeat in 2021 and knock out champions Portugal
The dramatic late victory is Portugal’s 1st loss in a tournament since 2016, a run of 38 consecutive games #FutsalTheStory📕
📺 @FIFAcom pic.twitter.com/iAgD2dU3jB — Jamie Fahey (@jamiefahey1) September 26, 2024
Айта кетейік, кеше Кака жаттықтыратын Қазақстан құрамасы 1/8 финалда Португалияны 2:1 есебімен ұтты. Ширек финалдағы қарсыласы Аргентина-Хорватия ойынынан кейін белгілі болады.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!