Қазақстанға келген Холанд әлемдегі ең қымбат футболшы атанды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстанға келген Холанд әлемдегі ең қымбат футболшы атанды
Фото ©️ Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Transfermarkt порталы әлемдегі ең қымбат футболшылар рейтингін жаңартты. Жаңарған тізімде Эрлинг Холанд жеке-дара көш бастады, – деп хабарлайды msports.kz сайты.

БӨЛІСУ

Норвегия ұлттық құрамасы мен "Манчестер Сити" командасы шабуылшысының қазіргі трансферлік құны 200 млн еуроға бағаланып отыр. Осылайша, әлемдегі ең қымбат футболшы атанды. 

Эрлинг Холанд "Ұлттар лигасында" Қазақстанмен бір топта ойнайды. 6 қыркүйек күні Алматыда ойынға қатысып, Қазақстан мен Норвегия құрамалары 0:0 есебімен тең тарқасқан болатын. 

1. Эрлинг Холанд – €200 млн
2. Джуд Беллингем – €180 млн
3. Винисиус Жуниор – €180 млн
4. Килиан Мбаппе – €180 млн
5. Фил Фоден – €150 млн
6. Букайо Сака – €140 млн
7. Флориан Виртц – €130 млн
8. Ямаль Мусиала – €130 млн
9. Родри – €130 млн
10. Ламин Ямаль – €120 млн

Норвегия мен Қазақстан арасындағы екінші ойын 17 қараша күні өтеді. Отандастарымыз сырт алаңда ойнайды.