Қазақстанға келген футболшы 90 жылдық рекордты жаңартты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстанға келген футболшы 90 жылдық рекордты жаңартты
Фото ©️ fotball.no

Футболдан Ұлттар лигасында Қазақстанмен бір топта ойнайтын Норвегия құрамасы 3-турда Словенияны 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Ойында дубль жасаған Эрлинг Холанд 90 жылдық тарихы бар рекордты жаңартты, – деп хабарлайды msports.kz сайты. 

БӨЛІСУ

Ойында екі гол соққан Эрлинг Холанд Норвегия құрамасы тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды. 36 матчта 34 гол соғып, 90 жыл бұрынғы рекордты басып озды. Бұған дейін Норвегия құрамасында Йерген Юве үздік сұрмерген еді. 33 гол соққан ойыншы 1937 жылы мансабын аяқтаған. 

Эрлинг Холанд Словенияға қарсы ойында капитан болып алаңға шықты. Бұған дейін капитан қызметін Мартин Эдегор атқарушы еді. Ол жарақатына байланысты бірер алаңға шыға алмайды. 

Айта кетейік, Норвегия Қазақстанмен В дивизионындағы бір топта. Холанд бастаған құрама бірінші ойынын Алматыда Қазақстан құрамасына қарсы өткізіп, 0:0 есебімен тең тарқасқан еді. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000-ға дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!