Қазақстандықтар қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы атанды

Болат Қосмағамбет Корреспондент
Болат Қосмағамбет>
Қазақстандықтар қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы атанды

Алматы қаласында қоян-қолтық ұрыстан өткен әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар төрт бірдей алтын медальға ие болды. Чемпион атанғандар: 56 килограмм салмақ дәрежесіне дейін Берік Шынәлиев, 65 килограмм салмақ дәрежесіне дейін Әсет Төлеуов, 86 килограмм салмақ дәрежесіне дейін Айбек Қырықбай және 95 килограмм салмақ дәрежесіндегі Шахмарал Жетпісов. Күміс медальға Ризайдин Райлин, Талғат Оразғалиев, Біржан Әкімов, Нурғалым Қалтаев және Махмуд Мухамеджанов ие болды. Жанболат Бисенғалиев, Руслан Мұхамбаев және Әділжан Сайдуллаев қола жүлдегер атанды.

БӨЛІСУ

Бұл чемпионаттан Ресей спортшылары да құр қалмады. Олар төрт бірдей алтын медалға ие болды. Жалпы есеп бойынша ресейлік команда қазақстандық командадан күміс жүлделер саны бойынша жеңіліс тапты. Медаль саны бойынша үшінші орын Қырғызстан спортшыларына бұйырды.

Сонымен қатар, бұл жарысқа Иран, Тәжікстан, Украина, Өзбекстан, Молдова, Беларусь және Әзірбайджан спортшылары да қатысты.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: ztgzt.kz