Қазақстандық велотрекшілерді француз маманы жаттықтырады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық велотрекшілерді француз маманы жаттықтырады

Велотректен танымал француз маманы Эрве Дагорне Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Astana Track Team» кәсіби клубының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы еліміздің велотрек федерациясы хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Ұлттық құрама мен велотрек клубының Эрве Дагорнемен келісімшарт мерзімі 1 жылға жоспарланған. Жаңа бапкерге 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпиада ойындарына көбірек жолдама жеңіп алу тапсырмасы жүктеліп отыр. Егер алдағы уақытта бұл меже орындалып жатса, келісімшарт мерзімі ұзартылатын болады.

Эрве Дагорне велотректен бапкерлік мансабында Франция ұлттық құрамасын да жаттықтырған. «U.S. Creteiluci TrackTeam» кәсіби клубының да тізгінін ұстаған. Францияның ұлттық Олимпиадалық комитетінде қызметте болып, «Тур де Франс» көпкүндігінің ұйымдастырылып тұруына да атсалысқан. Велотректің омниум бәсекесінде Эрве Дагорненің шәкірті Лондон Олимпиадасының күміс жүлдесін жеңіп алған. Бір шәкірті дәл осы бәсекеде 2014 жылы әлем чемпионы атанған.

Қаңтар айында бас бапкер ұлттық құрамамен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, қазіргі таңда Колумбияның Кали қаласындағы әлем кубогының үшінші кезеңіне қатысуда. 16 қаңтар күні командалық сынға қатысады. Колумбиядан оралғаннан кейін, кеңейтілген құрамда Түркиядағы оқу-жаттығуларын бастайды. Одан кейін Таиландтағы Азия чемпионаты күтіп тұр.

Сурет: commons.wikimedia.org