Бүгін Лондонда Уимблдон турнирінің іріктеу сайыстары басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жылдың үшінші "Үлкен дулыға" жарысының іріктеу сатысында төрт бірдей қазақстандық теннисші бақ сынайды.
Әлемнің 132-ракеткасы Михаил Кукушкин іріктеудің ширек финалында рейтингіде 278-орында тұрған украиналық Виталий Сачкодан өтуге тырысады.
Әлемнің 163-ракеткасы Денис Евсеевтің қарсыласы – рейтингіде 171-сатыдағы франциялық Маттео Мартино.
Рейтингіде 208-орындағы Бейбіт Жұқаев әлемнің 154-ракеткасы, аустралиялық Юрий Родионовпен шеберлік байқасады.
Тағы бір қазақстандық, 229-орындағы Тимофей Скатов әлемнің 158-ракеткасы, италиялық Андреа Пеллегриномен сынға түседі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!