Қазақстандық төрешілер Еуропа лигасының кездесуінде қызмет атқарады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық төрешілер Еуропа лигасының кездесуінде қызмет атқарады
Фото ©️ kff.kz

Еуропа лигасы іріктеу турнирінің бірінші кезеңіндегі «Саксан» (Молдова) мен «Аполлон Лимассол» (Кипр) командаларының арасындағы ойында қазақстандық төрешілер тобы қазылық жасайды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Кишиневте өтетін ойынның бас төрешісі талдықорғандық Денис Измайлов болмақ. Оның көмекшілері - Евгений Бельский (Тараз) және Анатолий Ходин (Атырау). Төртінші төреші - қарағандылық Артем Кучин.

Денис Измайлов өткен маусымда да Еуропа Лигасы іріктеу турнирінің кездесуінде қызмет атқарған еді. Сонымен қатар, топтық кезеңде Артем Кучиннің жетекшілігімен «Янг Бойз» (Швейцария) – «Слован» (Словакия) кездесуінде жұмыс істеді. Бұл ойында қазақстандық төреші бас қазының қосымша көмекшісі болған-ды.

Еске сала кетейік, Еуропа лигасы іріктеу кезеңіндегі бірінші ойындар ертең басталады.