Қазақстандық теннисші Олимпиаданың күміс жүлдегерін жеңіп кетті

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық теннисші Олимпиаданың күміс жүлдегерін жеңіп кетті

Теннисші Юлия Путинцева Уханьда (Қытай) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы теннис турнирінің үшінші айналымына шықты. 1/16 финалда ол әлемнің 18-ракеткасы, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, хорватиялық Донна Векичті жарыс жолынан шығарды, – деп хабарлайды msports.kz

БӨЛІСУ

2 cағат 30 минутқа созылған ойын үш сетке жалғасты. Бірінші кезеңде қазақстандық теннисші 6:4 есебімен басым түссе, екінші сетте қарсыласы қарымта қайтарды (3:6). Шешуші сетте қазақстандық теннисші 6:4 есебімен жеңіске жетті. 

Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенкомен жолығады. Ол бүгін чехиялық Катерина Синякованы жарыс жолынан шығарды.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000-ға дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!