Қазақстандық теннисші Қытайдағы ірі турнирде жеңіске жетті

Ақтоты Жапатова Корреспондент
Ақтоты Жапатова>
Қазақстандық теннисші Қытайдағы ірі турнирде жеңіске жетті
Фото ©️ olympic.kz

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Қытайдағы ірі турнирде жеңіске жетті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен бірге Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 сериясы турнирінің финалында жеңіске жетті. 

Екі сетте олар АҚШ-тан келген жұп Айша Мухаммад/Джессика Пегуланы жеңді. 

Матч 6:3, 7:6 есебімен аяқталды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!