Қазақстандық теннисші Гозаль Айнитдинова Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен ITF Junior Taskhent халықаралық жасөспірімдер арасындағы турнирдің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.
БӨЛІСУ
Ақтық сында отандасымыз ресейлік Камила Рахимованы 6:4, 6:0 есебімен жеңді. Жартылай финалда он алты жасарлық Гозаль Айнитдинова турнирдің үшінші ракеткасы Мария Солнышкинадан басым түскен болатын.