Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жариялаған әлемдік рейтингіде қазақстандықтардың орны белгілі болды. Өткен аптада Бостад (Швеция) ATP 250 турнирінің ширек финалына дейін жеткен Тимофей Скатов 223-тен бірден 38 сатыға жоғарылап, 185-тен бір-ақ шықты.
БӨЛІСУ
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 24-тен 25-ке, сондай-ақ Александр Шевченко 56-дан 58-ге сырғыса, Михаил Кукушкин 135-тен 132-ге, Денис Евсеев 160-тан 153-ке көтерілді.
Дмитрий Попко 186-дан 187-ге төмендеді.
Жұптық сында Александр Недовесов 49-дан 54-ке түссе, А.Бублик – 131, Андрей Голубев 148-орнын сақтап қалды.