Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингіде бірден 199 саты жоғарылады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингіде бірден 199 саты жоғарылады
Фото ©️ ktf.kz

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Цинциннатидегі (АҚШ) жарыстан кейін WTA рейтингінде жұптық сайыс бойынша үздік 100 теннисші қатарына қосылды. Ол жаңарған тізімде 199 саты жоғарылаған. 

БӨЛІСУ

Бұған дейін 293-орында болған Юлия АҚШ-та өткен жарыс қорытындысы бойынша 94-орынға көтерілді. Теннисші жекелей сында әлемнің екінші ракеткасын ұтса, жұптық сында канадалық Лейла Фернандеспен бірге финалға дейін шыққан болатын.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина 48-ден 49-ға төмендеді. Юлия Путинцева жекелей сында да 34-тен 31-ге көтеріліп, ТОП-30-ға қайта жақындады.

Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 4-орнын сақтап қалды.