Қазақстандық теннисші WTA рейтингінде 109 орын жоғарылады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық теннисші WTA рейтингінде 109 орын жоғарылады
Фото ©️ instagram.com/zarinadiyas/

Ұзақ уақыттан кейін кортқа оралған қазақстандық теннисші Зарина Дияс WTA рейтингінде 379-орынға көтерілді, - деп хабарлайды msports.kz cайты. 

БӨЛІСУ

Зарина кеше Түркияда аяқталған Kayseri ITF W50 турнирінде топ жарды. Отандасымыз финалда беларусь қызы Алена Фалейді 2:1 (0:6, 6:4, 6:3) есебімен жеңді. Осылайша, екіжылдық үзілістен кейінгі бірінші трофейіне қол жеткізді. 

Түркиядағы жеңісінен кейін Зарина WTA рейтингінде 109 саты жоғарылады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zarina Diyas (@zarinadiyas)

Әйелдер арасындағы жаңарған рейтингте көшбасшы ауысты. Ига Швентек енді бірінші ракетка емес. Беларусь қызы Арина Соболенко бірінші орынға шықты. 

Қазақстандық Елена Рыбакина өз орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 3 саты жоғарылып, үздік 30 теннисші қатарына қосылды. 

1 (2). Арина Соболенко (Беларусь) - 9706 ұпай
2 (1). Ига Швёнтек (Польша) - 9665.
3 (3). Кори Гауфф (АҚШ) - 5963.
4 (4). Джессика Пегула (АҚШ) - 5785.
5 (5). Елена Рыбакина (Қазақстан) - 5471.

29 (+3). Юлия Путинцева
311 (+3). Жібек Құламбаева
379 (+109). Зарина Дияс
650 (+3). Соня Жиенбаева
870 (+7). Анна Данилина
888 (+34). Сандуғаш Кенжебаева