Қазақстандық танымал эстрада жұлдыздары Қыдырәлі Болманов, Нұржан Керменбаев, Әли Оқапов пен Жанар Дұғалова 2017 жылы Алматыда өтетін Универсиаданың елшілері атанды. Өнер жұлдыздарына қала әкімі Бауыржан Байбек арнайы сертификат табыстады.
Универсиада елшілері – өздерінің іс-әрекеттері мен өмірлік жетістіктерімен өзгеге үлгі бола отырып, доданы қолдап, насихаттауға атсалысатын тұлғалар. Осыған дейін Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин мен қола жүлдегер Дариға Шәкімова да Универсиада елшілері атанған болатын.
Универсиаданың басталуына 100 күн қалған арнайы іс-шарада доданың ресми елшілері атанған өнер жұлдыздары ән айтып, жиналған жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады.