Қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Таиландтағы Азия чемпионатында жүлделі орынға іліге алмады, - деп хабарлады msports.kz.
БӨЛІСУ
Мұхаммедсабыр Азия чемпионатын ширек финалда аяқтады. 63,5 келіде шаршы алаңға шыққан отандасымыз тай боксшысы Сомчай Вонгвусанға жол берді. Төрешілер үш раунд қорытындысы бойынша жергілікті боксшыны жеңімпаз деп таныды.
Айта кетейік, ерлер құрамасы сапында үш боксшымыз жартылай финалға өте алмады. Бұған дейін Бейбарыс Жексен тәжік боксшысына есе жіберсе, Сәкен Бибосынов өзбек қарсыласынан айласын асыра алмады.