Еркін күрестен Азия чемпионы (2014), Азия ойындарының күміс жүлдегері (2014) Расул Қалиев жауапты қызметке кірісті, - деп хабарлайды massaget.kz сайты.
Халықаралық ареналарда Қазақстан құрамасы сапында белдескен балуан кейіннен бапкерлік қызметке ауысқан еді. Енді балуан Алматы қаласы бойынша күрес федерациясының еркін күрес бөліміне жауапты болып бекітілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Расул Қалиев 1991 жылы бұрынғы Семей облысының Жарма ауданында дүниеге келген. Азия чемпионы атағымен қатар, 2013 жылы Нью-Делиде қола жүлде де алған.
Айта кетейік, бұған дейін белгілі балуан Мақсат Ережепов Қостанай облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті болып тағайындалған еді.