Испанияның Понтеведре қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан медаль үшін күреседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Грек-рим күресінен 97 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Рахат Бержанов қола медальға таласады.
Ол турнир барысында германиялық спортшыға есе жіберді. Алайда қарсыласы финалға дейін жеткендіктен, жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алып, ирандық спортшыны 7:3 есебімен жеңді.
Қола медаль үшін күресте Бержанов түркиялық Ахмет Еремектермен белдеседі.
Айта кетейік, бүгін грек-рим күресінен екі балуанымыз әлем чемпионатының "алтыны" үшін күреседі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!