Қазақстандық таэквондошы Паралимпиаданы жеңіспен бастады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық таэквондошы Паралимпиаданы жеңіспен бастады
Фото ©️ ҚР ҰОК

Пара таэквондодан 52 келі салмақ дәрежесінде (К44 класс) татамиге шыққан Милана Красавцева жарысты жеңіспен бастады, - деп хабарлайды msports.kz.

БӨЛІСУ

Іріктеу кезеңінде қазақстандық спортшы Доминикан Республикасының спортшысы Геральдо Диасты жарыс жолынан шығарды.

Негізгі жекпе-жек 8:8 есебімен тең аяқталды. Қосымша раундта Милана 10:8 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды. Келесі кезеңде мексикалық Джессика Гарсия Куиджаномен кездеседі.