Қазақстандық таеквондашылар Украинадағы турнирде 12 медаль жеңіп алды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық таеквондашылар Украинадағы турнирде 12 медаль жеңіп алды
Фото ©️ kaztkd.kz

Украинаның Харьков қаласында таеквондодан "Ukraine Open G-1" турнирі аяқталды. Қазақстандық таеквондашылар 12 медаль жеңіп алды.

БӨЛІСУ

Харьковтағы жарысқа ұлттық құраманың негізгі спортшылары қатысқан жоқ. Жастар құрамы бақ сынады. Негізгі құрам Оңтүстік Кореяда өтетін оқу-жаттығу жиынына дайындалуда.

Жарыста жастардың жетістігі қуантты. 73 кг салмақта Айгүл Елубай қарсыластарының бәрінен басым түсіп, алтын медаль жеңіп алды. Мура Назаров (58 кг), Нұрай Хұсайнова (62 кг) мен Әйгерім Мұхаметжанова (49 кг) күміс медаль еншіледі.

Айдана Еділбаева (46 кг), Алина Дәдікенова (49 кг), Мақсат Қаби (63 кг), Сағи Құлымбет (80 кг), Балауса Ералхан (46 кг), Айнагүл Батыр (53 кг), Ғания Әлзақ (62 кг) пен Айдана Көлбаева (73 кг) турнирдің қола жүлдегерлері атанды.