Қазақстандық спортшының қарсыласы жекпе-жекке шығудан бас тартты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық спортшының қарсыласы жекпе-жекке шығудан бас тартты
Фото ©️ Dar Team

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаевтың UFC-гі келесі қарсыласы болған аустралиялық Стив Эрцег жекпе-жектен бас тартты, - деп хабарлайды massaget.kz

БӨЛІСУ

Отандасымыз өнер көрсететін Dar Team командасы жекпе-жекке қатысты ресми мәлімдеме жасады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от DAR PRO TEAM (@darteam.kazakhstan)

"Асу Алмабаев жақын арада АҚШ-қа ұрысқа дайындалу үшін ұшатынын ресми түрде мәлімдейміз. Бізге белгісіз себептермен Эрцегтің өзі жекпе-жекке шықпайтын болды. Турнирге дейін бір ай болғандықтан, біздің командамыздың жауынгері үшін жаңа қарсылас таңдалады немесе Стив есін жиып, жекпе-жекті қабылдайды", - деп жазды.

Айта кетейік, Асу Алмабаев пен Стив Эрцег арасындағы жекпе-жек 1 наурыз күні UFC Vegas 103 турнирінде өтуі керек болған. Отандасымыз жекпе-жекке Таиландта дайындалды. Ары қарай АҚШ-та жалғастыруды жоспарлап отырған.