2024 жылғы спорттық маусым аяқталуға жақын. Десе де жыл соңына дейін отандық атлеттерді бірқатар ірі жарыс күтіп тұр. ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті олардың қатарында Азия және әлем чемпионаты сынды беделді бәсекелер бар екенін атап өтті.
Әлем чемпионаттары:
• 21-29 қыркүйек
Велоспорттан ересектер арасындағы әлем чемпионаты
Цюрих, Швейцария
• 2-6 қазан
Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты
Душанбе, Тәжікстан
• 20 қыркүйек – 4 қазан
Бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты
Будва, Черногория
• 16-20 қазан
Тректегі велоспорттан ересектер арасындағы әлем чемпионаты
Баллерап, Дания
• 21-27 қазан
Күрес түрлерінен U-23 әлем чемпионаты
Тирана, Албания
• 28-31 қазан
Күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақтарда ересектер арасындағы әлем чемпионаты
Тирана, Албания
• 6-15 желтоқсан
Ауыр атлетикадан ересектер арасындағы әлем чемпионаты
Манама, Бахрейн
Азия чемпионаттары:
• 6-13 қазан
Үстел теннисінен ересектер арасындағы Азия чемпионаты
Астана, Қазақстан
• 9-16 қазан
Спорттық жартасқа өрмелеуден ересектер арасындағы Азия чемпионты
Таянь, Қытай
• 30 қараша – 12 желтоқсан
Бокстан ересектер арасындағы Азия біріншілігі
Амман, Иордания
• 1-12 қазан
Гандболдан Азия чемпионаты