Қазақстандық фристайлшылар Дмитрий Рейхерд пен Юлия Галышева могулдан әлем кубогының жалпы есебінде үздік үштікке енді. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайты хабарлады.
Ерлер арасында жалпы есепте канадалық Майкл Кингсбери көш бастап тұр. Отандасымыз Дмитрий Рейхерд екінші сатыда, үздік үштікті аустралиялық Мэтт Грэхем түйіндеп тұр.
Әйелдер арасындағы рейтингте Юлия Галышева үшінші орында келеді. Америкалық Джаэлин Кауф екінші сатыда жайғасса, аустралиялық Бриттани Кокс көш басында.
Естеріңізге сала кетсек, Калгаридегі могулдан әлем кубогының кезеңінде Юлия Галышева бесінші орын алса, Дмитрий Рейхерд күміс медальға қол жеткізген болатын.
4 кезеңнің қорытындысы бойынша могулдан әлем кубогының жалпы есебі :
Ерлер
1. Майкл Кингсбери (Канада) - 80
2. Дмитрий Рейхерд (Қазақстан) - 48
3. Мэтт Грэхем (Аустралия) - 40
... 13. Павел Колмаков (Қазақстан) - 16.80
38. Дмитрий Бармашов (Қазақстан) - 2.20
Әйелдер
1. Бриттани Кокс (Аустралия) - 51.20
2. Джаэлин Кауф (АҚШ) - 45.00
3. Юлия Галышева (Қазақстан) - 45.00