Сәуір айында Қазақстан спортшылары ірі халықаралық турнирлер мен елішілік жарыстарда бақ сынап, лицензиялық бәсекелерге қатысады. Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайты ел спортшылары қатысатын жарыстардың кестесін ұсынады.
Бұл айда отандық атлеттер спорттың бірнеше түрінен ел Спартакиадасында сынға түседі.
Атап айтар болсақ, садақ атудан (7-14 сәуір, Шымкент), семсерлесуден (10-20 сәуір, Алматы), регбиден (22-25 сәуір, Шымкент), спорттық гимнастикадан (22-28 сәуір, Алматы), гандболдан (23-30 сәуір, Қызылорда), спорттық құзға өрмелеуден (24-28 сәуір, Алматы), бадминтоннан (29 сәуір-5 мамыр, Шымкент) бес жыл сайын ұйымдастырылатын Спартакиада жалауы желбірейді.
5-12 сәуір, Шымкент: Нысана көздеуден «Алтын мерген» халықаралық турнирі.
10-17 сәуір, Тараз: Велокөпкүндіктен жасөспірімдар арасындағы Қазақстан чемпионаты
14-20 сәуір, Тараз: Волейболдан әйелдер арасындағы Жоғарғы лига
17-20 сәуір, Қарағанды: Күрестен кіші жасөспірім қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты
21-28 сәуір, Ақтөбе: Волейболдан ерлер арасындағы Жоғарғы лига
24-28 сәуір, Нұр-Сұлтан: Велотректен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты
24-28 сәуір, Алматы: Байдарка мен каноэде есуден Әлем кубогі кезеңіне іріктеу турнирі
24-29 сәуір, Түркістан: Триатлоннан Қазақстан кубогінің бірінші кезеңі
30 сәуір – 5 мамыр, Павлодар: Көркем гимнастикадан көпсайыс бойынша Қазақстан біріншілігі
Халықаралық турнирлер
2-16 сәуір, Әл-Аин (БАӘ): Стенд атудан лицензиялық әлем кубогі
2-8 сәуір, Йокогама (Жапония): Үстел теннисінен Азия кубогі
3-8 сәуір, Песаро (Италия): Көркем гимнастикадан әлем кубогі
5-7 сәуір, Анталия (Түркия): Дзюдодан Гран-при турнирі
5-12 сәуір, Сатун (Тайланд): Жағажай волейболынан әлемдік серия, ерлер
6-11 сәуір, Чанг-Маи (Тайланд): Велоспорттан әйелдер арасындағы халықаралық турнир
9 сәуір, Подебрады (Чехия): Спорттық жаяу жүрістен халықаралық турнир
9-17 сәуір, Сонгхла-Самила (Тайланд): Жағажай волейболынан "Samila Open" Азия аймақтық рейтингілік турнирі, әйелдер
10-14 сәуір, Харьков (Украина): Таеквондодан "Ukraine open G1" халықаралық турнирі
10-15 сәуір, Софья (Болгария): Көркем гимнастикадан әлем кубогі
12-14 сәуір, Мәскеу (Ресей): Спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогі
12-18 сәуір, Сонгхла-Самила (Тайланд): Жағажай волейболынан "Samila Open" Азия аймақтық рейтингілік турнирі, ерлер
16-28 сәуір, Бангкок (Тайланд): Бокстан Азия чемпионаты, ерлер мен әйелдер
17-22 сәуір, Эль-Кувейт (Кувейт): Ашық суда жүзуден Азия чемпионаты
17-22 сәуір, Ташкент (Өзбекстан): Көркем гимнастикадан әлем кубогі
17-22 сәуір, Рабат (Марокко): Каратеден К-1 Premier League Rabat open лицензиялық турнирі
18-22 сәуір, Минск (Беларусь): Батутты гимнастикадан әлем кубогі
20-22 сәуір, Фуджейра (БАӘ): Дзюдодан Азия чемпионаты
20-28 сәуір, Нинбо (Қытай): Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты
21-24 сәуір, Доха (Катар): Жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты
21-28 сәуір, Будапешт (Венгрия): Үстел теннисінен әлем чемпионаты
23-28 сәуір, Ташкент (Өзбекстан): Велоспорттан Азия чемпионаты
23-29 сәуір, Сиянь (Қытай): Күрес түрлерінен Азия чемпионаты
25-29 сәуір, Сеул (Оңтүстік Корея): Семсерлесуден Гран-при турнирі