Қаңтар айында қазақстандық спортшыларды бірнеше ірі халықаралық жарыстар күтіп тұр. Жаңа жылмен бірге #TEAMKZ мүшелері жаңа лицензиялық турнирлерді де бастайды. Olympic.kz қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін назарларыңызға ұсынады.
Елішілік жарыстар:
• Волейболдан Қазақстанның ішкі қысқы чемпионаты – 04-11 қаңтар, Алматы, Орал, Нұр-Сұлтан;
• Жүзуден жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты – 07-11 қаңтар, Қостанай;
• Үстел теннисінен іріктеу турнирі – 12-18 қаңтар, Қарағанды;
• Жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы Қазақстан чемпионаты – 17-18 қаңтар, Өскемен;
• Семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты – 21-31 қаңтар, Алматы;
• Ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты – 22-29 қаңтар, Қостанай;
• Академиялық есуден Қазақстан чемпионаты – 24-27 қаңтар, Теміртау;
• Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған жеңіл атлетикадан халықаралық турнир, 25 қаңтар, Өскемен;
• Бадминтоннан 16 үздік спортшы арасындағы Қазақстан чемпионаты – 26-30 қаңтар, Алматы;
• Көркем гимнастикадан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты – 24 қаңтар – 01 ақпан, Шымкент;
Халықаралық турнирлер:
• Волейболдан Азия аймақтық іріктеу турнирі (әйелдер) – 7-12 қаңтар, Накхонратчасима (Таиланд);
• Волейболдан Азия аймақтық іріктеу турнирі (ерлер) – 7-12 қаңтар, Цзянмынь (Қытай);
• Тас жолдағы велоспорттан халықаралық турнир (ерлер) – 07-27 қаңтар, Испания;
• Семсерлесуден Гран-при турнирі (сабля) – 08-13 қаңтар, Монреаль (Канада);
• Семсерлесуден әлем кубогі кезеңі (шпага, әйелдер) – 09-13 қаңтар, Гавана (Куба);
• Семсерлесуден әлем кубогі кезеңі (шпага, ерлер) – 09-13 қаңтар, Хайденхайм (Германия);
• Нысана көздеу және стенд атудан халықаралық турнир – 10-18 қаңтар, Әл-Кувейт (Кувейт);
• Каратеден А сериясы – 12-14 қаңтар, Сантьяго (Чили);
• Грек-рим күресінен Гран-при турнирі – 15-20 қаңтар, Ницца (Франция);
• Еркін және әйелдер күресінен халықаралық турнир – 16-19 қаңтар, Рим (Италия);
• Бокстан халықаралық турнир (әйелдер) – 20-27 қаңтар, София (Болгария);
• Тректегі велоспорттан әлем кубогі кезеңі – 21-27 қаңтар, Канада;
• Әйелдер күресінен халықаралық турнир - 22-27 қаңтар, Красноярск (Ресей);
• Дзюдодан Гранд-слэм турнирі – 23-25 қаңтар, Тель Авив (Израиль);
• Семсерлесуден Гран-при турнирі - 23-27 қаңтар, Доха (Катар);
• Каратеден Премьер-лига турнирі - 24-26 қаңтар, Париж;
• Велоспорттан халықаралық турнир – 25 қаңтар – 12 ақпан, Испания;
• Үстел теннисінен халықаралық турнир – 27 қаңтар – 02 ақпан, Германия;