Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде таэквондадан өтіп жатқан әлемдік «Гран-При» додасының алғашқы күнінде отандастарымыздың жолы болмады. Төрт бірдей таэквондашымыз да қарсыластарына есе жіберіп алды.
Ең үздік нәтижені 49 келіде Фариза Алдоңғарова көрсетті. Бірінші кездесуінде француз Хажер Мұстафадан басым түсіп, екінші сайысында әлемдік рейтингтегі екінші орында тұрған хорват Луси Заниновичке есе жіберіп алды.
67 келіде бақ сынаған екі бірдей таэквондашымыздың да жолы болмады. Құраманың көшбасшысы Феруза Ергешова мен Мереке Жүнісова алғашқы айналымда жеңіліс тапты. 80 келіде өнер көрсеткен Смайыл Дүйсебай да бірінші айналымнан әрі аса алмады.
Дайындаған: Өмірбек Сансзбай
Сурет: confederation.kz