Қазақстандық спортшылар 31 шілде күні Малайзия елінің астанасы Куала-Лумпурде өтетін ХОК-тың кезекті отырысына қатысады. Салтанатты шарада 2022 жылғы ақ Олимпиаданы өткізетін ел анықталады.
2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізуге Алматы мен Пекин қалалары таласуда. Ақпан-наурыз айларында Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшелері қос қаланың дайындығы мен өткізу мүмкіндігін тексеріп қайтқан болатын. Қорытынды үш күннен кейін өтетін ХОК-тың 127-ші отырысында белгілі болады.
Қазақстанның ақ Олимпиаданы өткізу туралы өтінішін еліміздің танымал спортшылары таныстыратын болады. Олардың қатарында бокстан Олимпиада чемпиондары Ермахан Ибраимов пен Серік Сәпиев, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен, Ванкувер Олимпиадасының күміс жүлдегері Елена Хрусталева, тау акробатикасынан Жібек Арапбаева мен Жанбота Алдабергенова, могулшы Юлия Галышева және волейболшы Сабина Алтынбекова бар.
Халықаралық Олимпиада комитетінің 127-ші отырысы 31 шілде күні Алматыдағы Абай алаңында тікелей эфирден көрсетіледі.