Қазақстандық спортшы UFC-мен келісімшартқа қол қойды

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Айбар Рысдәулет>
Қазақстандық спортшы UFC-мен келісімшартқа қол қойды
Фото ©️ Tengrinews.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат "Номад" Рахмонов әлемдік UFC ұйымымен келісімшартқа қол қойды.

БӨЛІСУ

- Шавкат Рахмонов UFC-мен келісімшартқа қол қойып, ең үздік ММА ұйымымен келісімшартқа отырған тұңғыш қазақстандық спортшы атанды. Алғашқы жекпе-жек қараша айына жоспарланған. Шавкат UFC-дегі бірінші қазақстандық спортшы, бірақ соңғысы емес екеніне сенімдімін, - деп жазды Саят Абдрахманов өзінің Instagram парақшасында.

Октагонда қарсыласына есе жіберіп көрмеген қазақстандық спортшыға бұған дейін де UFC-ден ұсыныс түскен болатын. Алайда ол кезде отандасымызд M-1 Global чемпиондық белбеуін жеңіп алуды мақсат еткен болатын.

Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы M-1 Global чемпиондық белбеуін 30 наурыз күні ресейлік Данила Приказамен өткен жекпе-жекте жеңіп алды. Араға үш ай салып Нұр-Сұлтан қаласында өткен аралас жекпе-жек кешінде белбеуін бразилиялық Тьяго Ласердаға қарсы айқаста қорғап қалды.

Айта кетейік, осыған дейін UFC турнирлерінде қазақстандық бірде-бір спортшы бақ сынамаған. Шавкат Рахмонов қазақстандық спортшылардың арасынан бірінші болып әлемнің ең беделді ұйымымен келісімшартқа қол қойды.