Фристайлдан АҚШ-тың Уотервилл қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде отандасымыз Юлия Галышева параллельді могул сайысынан қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды massaget.kz.
Спортшы параллельді могулда сәтті өнер көрсетті. Отандасымыз жартылай финалға дейін жетіп, франциялық Перрин Лаффонға есе жіберді.
Үшінші орын үшін өткен жарыста қазақстандық спортшы канадалық Майя Швингхаммерден басым түсті.
Алтын медальді Перрин Лаффон жеңіп алса, екінші орынды АҚШ спортшысы Джейлин Кауф иеленді.
Қазақстан құрамасы сапында жарыс жолына шыққан Анастасия Городко тоғызыншы орынға табан тіресе, Аяулым Әміренова 29-шы нәтижені көрсетті.
Айта кетейік, бұған дейін Юлия Галышева 2021 жылы Алматыдағы Әлем чемпионатында фристайл-могул бәсекесінде күміс жүлдегер атанған еді.