Пхенчханда өтіп жатқан ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық шорт-трекшілер Денис Никиша, Нұрберген Жұмағазиев пен Абзал Әжғалиев 500 метрлік сайыста ширек финалға шықты.
Қазақстандық үш шорт-трекші де іріктеуде үшінші орынға ие болды. Бұл нәтижеге қарсыластарының ереже бұзуына байланысты да ие болды. Ширек финалдық сайыстар 22 ақпан күні өтеді.
Айта кетейік, Абзал Әжғалиев ақ Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстанның туын көтеріп шыққан болатын.
БӨЛІСУ