Қазақстандық шаңғышылар Денис Волотка мен Алексей Полторанин еркін стилдегі командалық спринт сайысында финалдық кезеңге шыға алмады.
Жартылай финалдық кезеңде екінші топта болған қазақстандық шаңғышылар 8-ші болып келді. Біздің шаңғышылармен бір топта Швейцария, Франция, АҚШ, Канада, Эстония, Болгария, Польша, Украина, Словакия, Аустралия мен Қытай құрамалары болды.
Екінші топта іріктеуде норвег шаңғышылары Мартин Сундбю мен Йоханнес Клэбо жұбы үздік шықты. Екінші орынға Франция, үшінші орынды АҚШ құрамасы иеленді.
Финалдық кезеңге Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Ресей Олимпиадалық командасы, АҚШ, Финляндия, Италия, Канада мен Чехия құрамалары шықты.
Әйелдер арасында жарыс жолына шыққан Анна Шевченко мен Валерия Тюленова іріктеуде 10-орын алып, финалдық кезеңге шыға алған жоқ.