Қазақстандық шахматшы әлемнің абсолютті чемпионы атанды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық шахматшы әлемнің абсолютті чемпионы атанды
Фото ©️ sk-astana.kz

17 жастағы қазақстандық шахматшы Жанат Сайын Таиландта өткен оқушылар арасындағы әлем чемпионатында үздік өнер көрсетіп, әлемнің абсолютті чемпионы атанды. Ол 9 ойында 6 рет жеңіске жетіп, 3 рет тең ойнады.

БӨЛІСУ

Оқушылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте IV орын алды. Елордалық Әмина Қайырбекова (9 жасқа дейін) мен оралдық Жанат Сайын (17 жасқа дейін) шахматтың классикалық түрінен алтын жүлде жеңіп алды. Әмина блиц түрінен де күміс жүлдегер атанды. Әминадан өзге әлем чемпионатының күміс жүлдесін Дениза Құрманалина (Алматы – 7 жасқа дейін) мен Аңсат Алдияр (Астана – 7 жасқа дейін) да иеленді. Ал Назерке Нұрғали (Қызылорда - 11 жасқа дейін), Қазыбек Нөгербек (Астана – 11 жасқа дейін), Арыстанбек Оразаев (Ақтөбе – 17 жасқа дейін), Самал Әбуғали (Алматы – блиц – 13 жасқа дейін) мен Алтынай Қожамқұл (Алматы – блиц – 7 жасқа дейін) қола жүлдені қанағат тұтып қайтты.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2015 жылғы оқушылар арасындағы әлем чемпионатында үздік өнер көрсетті деп айтуға негіз бар. Елімізден аттанған 24 жас шахматшының 18-і үздік ондыққа енген.

Ұқсас жазбалар

Жас гроссмейстер Жансаяның жанкүйерлер білмейтін қырлары

Қазақстандық шахматшы қыздар әлем чемпионатын алтыншы орынмен аяқтады