Қазақстандық өнер жұлдыздары германиялық командаға есе жіберді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық өнер жұлдыздары германиялық командаға есе жіберді
Фото ©️ pp.vk.me

Ресей астанасында өтіп жатқан өнер жұлдыздары арасында футболдан әлем чемпионатында қазақстандық «Алатау» командасы үшінші кездесуде жеңіліс тапты.

БӨЛІСУ

Германиялық командамен күш сынасқан жерлестеріміз 0:2 есебімен есе жіберді. Бірінші кезеңде Томми Мюллер көзге түсіп немістерді алға шығарса, екінші кезеңде Дежан Кляич мергендік танытты.

«Айыр қалпақты» елдің теңбіл доп шеберлерімен тең ойнап, Оңтүстік Корея командасын жеңген қазақстандық өнер жұлдыздары топтық кезеңді төрт ұпаймен аяқтады. "В" тобының үздігі атанған неміс командасы бес ұпай олжалады. Қазақстандық құраманың топтағы көрсеткіші Қырғызстан-Оңтүстік Корея командаларының арасындағы ойыннан кейін белгілі болады.

Топтық ойындар аяқталғанан кейін командалар нәтижесі бойынша тағы да жаңа топқа бөлінеді. Атап айтсақ, бірінші орын алғандар - Absolute Stars (1-4 орын), екінші орын алғандар - Super Stars (5-8 орын), үшінші орын алғандар - All Stars (9-12) және төртінші орын алғандар - Stars Forever (13-16) болып топтастырылады.

Айта кетейік, қазақстандық өнер жұлдыздары өткен жылы да бұл додаға қатысқан болатын. Әлем чемпионаты немесе «Арт-футбол» деп аталатын жарыс – әлемдік деңгейдегі қайырымдылық акциясы негізінде ұйымдастырылып келеді. Әншілер доп теуіп қана қоймай, бос кездерінде түрлі концерттік іс-шаралар да ұйымдастырады. Одан түскен қаражат науқас балаларды емдеуге жұмсалады.