Қазақстандық Олимпиада чемпионының кәсіпқойдағы келесі айқасы белгіленді

Manas Корреспондент
Manas >
Қазақстандық Олимпиада чемпионының кәсіпқойдағы келесі айқасы белгіленді
Фото ©️ instagram.com/yeleussinovdaniyar

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің (11-0, 6 КО) рингке оралатын күні белгілі болды. All Stars Boxing промоутерлік компаниясы Олимпиада чемпионының келесі айқасы туралы ақпарат жариялады. 

БӨЛІСУ

Елеусіновтің жекпе-жегі 28 қыркүйек Алматыда өтетін бокс кешінің басты айқасы болады. Дегенмен әзірге қарсылас кім болатынын белгісіз. 

Данияр кейінгі рет 2023 жылы 15 желтоқсан Астанада өткен "ІВА чемпиондар түнінде" жұдырықтасқан. Бұл кеште ол төрешілер шешімімен оңтүстік африкалық Джабулани Макхенсені (14-2, 7 КО) жеңді. Алайда бұл жекпе-жек нәтижесі боксшылардың ресми рекордына тіркелмеді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ALL STARS BOXING (@all.stars.boxing.kz)