Қазақстандық могулшылар Мальдив аралдарына жолдама алды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық могулшылар Мальдив аралдарына жолдама алды

Қазақстандық могулшылар Мальдив аралдарына барып, демалып қайтатын болды. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Аталған сайттың тілшілері Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында фристайлдың могул сынында жетінші орын алған Юлия Галышевадан алған сұхбатында спортшыларға демалысқа жолдама берілгені айтылды.

- Жолдаманың алғашқы қадамдары жасалып, қаржылай аздап төленіп те қойды. Сәуір айында командамен Мальдив аралдарына демалуға барамыз, – деді спортшы.

Сочи қысқы ойындарында қазақстандық могулшылар сәтті өнер көрсетті. Ерлер арасында Дмитрий Рейхард бесінші орын алса, Юлия Галышева жетінші сатыдан көрінді. Ал 17 жастағы Павел Колмаков 10-шы орынды місе тұтқан-ды.

Естеріңізге сала кетсек, Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен иеленген қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 26-шы орыннан көрінген болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com