Қазақстандық конькишілер Олимпиада ойындарына 10 жолдама жеңіп алды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық конькишілер Олимпиада ойындарына 10 жолдама жеңіп алды

Халықаралық коньки спорты Одағы (ISU) 2018 жылы Пхенчханда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына жолдамаларды үлестірді. Әлем кубогының төрт кезеңі бойынша қазақстандық конькишілерге 10 жолдама бұйырды.

БӨЛІСУ

Екатерина Аидова мен Федор Мезенцев үш жолдамадан жеңіп алды. Әйтсе де Олимпиада лицензиясы (жолдама) жеке спортшыға берілмейді. Құраманың олимпиадалық құрамы жаттықтырушылар шешімі бойынша түзілетін болады.

Әзірге әйелдер арасында Екатеринада 500, 1000 және 1500 метр қашықтық сайысында жолдама бар. Ерлер арасында жолдамалар Роман Креч (500 м), Федор Мезенцев (500, 1000, 1500 м), Станислав Палкин (1000 м) мен Денис Кузин (1000, 1500 м) еншісінде.

Дәл осы құрамда Қазақстан құрамасы баратын болса, Станислав Палкин ең жас спортшы болып Олимпиадаға алғаш рет барады. Ал Роман Креч, Екатерина Аидова мен Денис Кузин осыған дейін Ванкувер мен Сочи Олимпиадаларына қатысқан тәжірибелі конькишілер. Федор Мезенцев екінші Олимпиадасына барады.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық спортшылар шорт-тректен 5 жолдама, мәнерлеп сырғанаудан 3 жолдама жеңіп алған еді.