Қазақстандық клубтар Еуропа лигасындағы қарсыластарын білді

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Айбар Рысдәулет>
Қазақстандық клубтар Еуропа лигасындағы қарсыластарын білді
Фото ©️ Gazeta.Az

Еурододағы жорығын жалғастырып жатқан қазақстандық командалар қарсыластарын білді. Бүгін Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

БӨЛІСУ

"Астана" Чемпиондар лигасының іріктеуінде Беларусьтің "Динамосына" есе жібергеннен соң Еуропа лигасына қатысады. Ел чемпионы екінші іріктеу кезеңінде Черногорияның "Будучность" командасымен кездеседі. Жолдама тағдыры бір матчта шешіледі. Ойын 17 қыркүйек күні Қазақстанда өтеді. 

Transfermarkt.de мәліметінше "Астана" ойыншыларының трансфердегі құны "Будучность"айтарлықтай асып түседі. Қазақстандық командадағы футболшылардың жалпы құны 21,68 миллион еуроны құрайды. Ең қымбат ойыншы - жартылай қорғаушы Марин Томасов (2,8 миллион еуро). "Будучность" ойыншыларының жалпы құны небәрі 3,48 миллион еуроны құрайды. Ең кұнды ойыншысы Петар Грбич 300 мың еуроға бағаланып отыр.

Жеребе тастау қорытындысы бойынша алматылық "Қайрат" сырт алаңда "Маккаби Хайфа" (Израиль) – "Железничар" (Босния және Герцеговина) жұбының жеңімпазымен ойнайды, ал қызылордалық "Қайсар" өз алаңында кипрлік АПОЕЛ командасын қабылдайды.

Турнирдің екінші кезеңінде жеңімпаздар бір ойын нәтижесімен анықталады. Кездесулер жанкүйерлерсіз өтеді.

Барлық ойындар 17 қыркүйекте жоспарланған. Ережеге сәйкес егер ойынның негізгі уақытында жеңімпаз анықталмаса, қосымша таймдар және пенальти сериясын өткізу қарастырылған.