Қазақстандық AVANGAR киберспорт командасы CIS Minor Championship — Katowice 2019 турнирінде жеңіске жетті.
Финалда қарсыласы Winstrike Team командасын 2:1 есебімен жеңген AVANGAR 30 мың АҚШ доллары мен IEM — Katowice Major 2019 турниріне жолдаманы иеленді. Бұл жарыстың жүлде қоры - бір миллон АҚШ долларын құрамақ.
Айта кетейік, AVANGAR командасында төрт қазақстандық ойыншы өнер көрсетеді. Атап айтқанда: Тимур Төлепов, Айдын Тұрлыбеков, Алексей Голубев және Бектияр Бақытов. Ал команданың капитаны - ресейлік ойыншы Али Джами.
2016 жылы Қазақстанда құрылған бұл ұйымда танымал Counter-Strike:Global Offensive және PlayerUnknown's Battleground ойындарынан сынға түсетін командалар бар. Бұл ұйымның жігіттері екі ойыннан да жақсы нәтижелерге жетті. CS:GO және PUBG құрамдары онлайн және LAN турнирларында, іріктеу жарыстарында алдыңғы қатарлардан көрініп жүр. Бір жарым жылда "Avangar" ТМД елдерінде - екінші, әлемдік рейтингіде 17-ші орынға көтерілді.