Қазақстандық керлингші қыздар екінші ойын қатарынан ұтылды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық керлингші қыздар екінші ойын қатарынан ұтылды
Фото ©️ almaty2017.com

Қазақстандық керлингші қыздар Универсиада ойындарында екінші ойын қатарынан жеңілді. Отандастарымыз екінші ойында Ұлыбританияға есе жіберді.

БӨЛІСУ

Студенттерден құралған Қазақстан құрамасы бірінші ойында Германияға 13:2 есебімен жол берген еді. Екінші ойында Ұлыбритания құрамасына 10:4 есебімен ұтылды. Келесі ойынын ертең Қытай керлингші қыздарына қарсы өткізеді. Ойын Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады.

Сондай-ақ хоккейден студенттерден жасақталған Қазақстан құрамасы да жеңіліс тапты. Олар Қытай хоккейшілеріне 4:1 есебімен жеңілді.