Қазақстандық Қазыбек Нөгербек шахматтан әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
FIDE World Junior (Open & Girls) Chess Championships 2024 чемпионаты 2-13 маусым аралығында Үндістанның Гандинагар қаласында өтті.
Айта кетейік, әлем біріншілігінде 123 қатысушы, оның ішінде 13 гроссмейстер және 28 халықаралық шеберлер бақ сынады.
20 жасар Қазыбек FIDE World Junior (Open & Girls) Chess Championships 2024 жасөспірімдер әлем чемпионатында алтынды жеңіп алды.
Мұндай жетістікке Қазақстанда тек үш шахматшы ғана жеткен. Олар – Дәрмен Сәдуақасов (1998 ж.), Динара Сәдуақасова (2016) және Жансая Әбдімәлік (2017).
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!